1990 жылдың 8 маусымында Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.
2012 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын Қостанай облыстық телеарнасында авторлық бағдарламадан бастап, кейін жаңалықтар қызметі бөлімінің редакторы болды. Содан бері редактор әрі "1 студия" және "Ел мүддесі" хабарының жүргізуші болып қызмет етіп келеді.
Айдын Шайкенов еңбек жолында түрлі марапатқа ие болды. 2016 жылы Қостанай облысының "Алтын жастары" кітабына енді. 2018 жылы облыс әкімдігі тағайындаған сыйақыны жеңіп алды.
2022 жылы" Қанатты қалам" облыстық тілшілер байқауының жүлдегері атанды.