Қостанай облысы Науырзым ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімі: ҚарМУ , А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ (журналистика)
Күлтай Абдрахманова шығармашылық жолын 1998 жылы облыстық телерадиокомпанияда бастады. Тілшіден бастап директордың орынбасары, Бас редактор қызметін атқарды. Бүгінгі күні телеарна директорының кеңесшісі. Түрлі бағыттағы авторлық жобалардың жетекшісі.
Осы уақыт аралығында республикалық арналардан көрініп жүрген талай талантты журналистерді тәрбиелеп шығарды.
Ол «Тәуелсіздік тағлымы», «Парасат», «Айтарым бар», «Біздің елдің жігіттері» сияқты тағылым-тәрбиесі мол хабарларды жарыққа шығарды.
К.Абдрахманова халықаралық «Би-Би-Си» мектебі сертификатының иесі.
«Қазақстанның Құрметті журналисі» белгісі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар Министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Ал,2020 жылы КР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие.
Сонымен қатар, облыс әкіміне қарасты отбасы мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның және Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі. Туған жері «Науырзым ауданының құрметті азаматы».