
2003 жылғы 27 сәуірде Қостанай облысы, Науырызым ауданында дүниеге келген.
2024 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2023 жылы «Turkistan» телеарнасында жаңалықтар бөлімінің тілшісі қызметінен бастаған (мамыр-қараша айлары аралығы). Кейін 2023 жылдың қараша айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін аталған телеарнада координатор қызметін атқарды.
2024 жылдың ақпанынан шілде айына дейін «Turkistan» телеарнасының SMM бөлімінде редактор болып жұмыс істеді.
2024 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалы – «Qostanaі» телеарнасында редактор қызметін атқарып келеді.
Осы уақыт аралығында «Qostanaі» телеарнасында бірнеше бағдарламаның жүргізушісі болды. Атап айтқанда:
елді мекендердің тыныс-тіршілігін таныстыратын «Елбесік»;
тікелей эфирде өтетін ойын-сауықтық «Тобыл тынысы»;
облыс өнерпаздарын таныстыратын «Өнеріміз саған, Қазақстан!»;
сұлулық пен сәнге арналған «Сымбат» бағдарламаларын жүргізді.
Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын насихаттайтын «36,6» атты медициналық бағдарламасының жүргізушісі.