
2014 жылдың шілде айында «Qostanai» телеарнасында аға менеджер лауазымында еңбек жолымды бастадым. Бұл – креативті көзқарасты, сабырлылықты, ынта-жігер мен қарым-қатынас орната білуді талап ететін жұмыс. 2022 жылдан бастап редактор-үйлестіруші қызметіне ауыстырылдым. «Гайд по финансам», «Силуэт» бағдарламаларының жүргізушісі болдым. Қазіргі уақытта «36/6» бағдарламасының және қоғамдық-саяси бағыттағы «Елге қызмет» бағдарламасының жүргізушісімін.