2007 жылы А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша аяқтады.

Оның кәсіби қызметі 2005 жылдың наурыз айында «Qostanai» телеарнасында басталды. 2005 жылдан 2020 жылға дейін жаңалықтар қызметінің редакторы, «Первая студия» бағдарламасының жүргізушісі, сондай-ақ бірнеше маңызды репортаждардың авторы болып жұмыс істеді.

2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін Виктория жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы және авторлық бағдарламалар жүргізушісі болып қызмет атқарып келеді, сонымен қатар «Тема» бағдарламасының жүргізушісі.

2009 жылы Виктория аймақтық БАҚ конкурсының жеңімпазы атанды, 2010 жылы «Нұр Сұнқар» республикалық сыйлығына номинацияға ұсынылды. 2011 жылы Қазақстан Журналистер одағынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

2024 жылы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болып қабылданды, ал 2025 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінен алғыс хат алды.