2003 жылы 29 қазанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.
2009 - 2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте оқып жүріп, Б.Хамзин атындағы өнер мектебін би үйірмесі бойынша қосымша білім алды. Мектеп жылдарында түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болған.
2020 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Журналистика және репортер ісі» мамандығына түсіп, 2024 жылы оқуын үздік дипломмен тәмамдады. Сондай-ақ, университет қабырғасындағы «Бадрисафа» би ансамблінде өнер көрсетті.
2023 жылдың шілдесінен бастап Қостанай теларнасында редактор лаузаымында жұмыс істейді. Жаңалықтарды шынайы, сапалы әрі көрерменге түсінікті етіп жеткізуді басты мақсат санайды. Осы уақыт аралығында «Тобыл тынысы», «Талант тайм», «30 секунд», «Халық мұрасы», «Елбесік», «Агробизнес», «Қаржы құпиясы», «Ел мүддесі» бағдарламаларын жүргізген. Қазіргі уақытта «Тақырып», «Апта Ақпарат» бағдарламаларының жүргізушісі.
2025 жылы Қазақстан Республикасының Журналистер одағына мүше болды.
2025 жылы Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет» грамотасымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапатталған.