
2003 жылдың 5 қазанында Қостанай облысы Жітіқара ауданында дүниеге келген.
Аудандық және облыстық деңгейдегі мәнерлеп оқу байқауларының жүлдегері, сондай-ақ «Жас тілші» атты республикалық байқаудың жеңімпазы.
2020 жылы А.Шотаев атындағы Боровской орта мектеп-гимназиясын үздік бітіріп, «Алтын белгі» иегері атанды.
2024 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетін үздік дипломмен тәмамдады.
Кәсіби еңбек жолын 2024 жылдың тамыз айында «Qostanai» телеарнасында Жаңалықтар қызметінің редакторы ретінде бастады. Алты айдан астам уақыт диктор қызметін қоса атқарды.
Айжан – ұлттың тарихи жады мен мәдени мұрасын сақтау мәселелеріне арналған «Халық мұрасы» телебағдарламасының авторы.
Қазіргі таңда ол авторлық жобалардың редакторы:
• «Мой почерк»
• «Шаңырақ»
Сонымен қатар тікелей эфирде ақпараттық-танымдық «Тобыл тынысы» бағдарламасын жүргізеді.