
2001 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген.
2015–2019 жж. – облыстық «Қостанай таңы» газетінде «Жас тілші»;
2019–2021 жж. – облыстық «Қостанай таңы» газетінде штаттан тыс тілші;
2021 – 2023 жылдың шілдесіне дейін – облыстық «Қостанай таңы» газетінің Амангелді ауданы бойынша меншікті тілшісі;
2023 жылдың шілдесі – 2024 жылдың шілдесі аралығы – облыстық «Қостанай таңы» газетінде SMM маман;
«PREZIDENT SAIASATY» Қазақстан Республикасы Президенті саясаты мен жолдауларын ақпараттық насихаттайтын саяси журналының штаттан тыс тілшісі;
Fastnews.kz ақпараттық сайтының штаттан тыс тілшісі;
2024 жылдың шілдесінен бері – «Қазақстан» «Qostanai» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының жаңалықтар және авторлық бағдарламалар редакторы. Қазіргі таңда «Елбесік», «Агробизнес», «Қаржы құпиясы» бағдарламаларының және «Туған жер тұлғалары» деректі фильмінің жүргізушісі.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР «Жастар саясатының үздігі» төсбелгісінің және бірнеше естелік медаль иегері. Қостанай облыстық «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің мүшесі, Амангелді ауданы жастарының «Ел үміті» кітабының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының арнайы Алғыс хатының, PR және медиа саласы бойынша халықаралық сертификаттардың, облыстық әдеби байқаудың І орын иегері.
Әдеби-порталдарда, республикалық журналдарда және ақпараттық сайттарда әңгімелері, новеллалары, сондай-ақ қоғамдық-танымдық сұхбаттары жарияланып келеді.