Айдын Жүсіпханұлы Шайкенов
Шеф - редактор
1990 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.
2012 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қостанай облыстық телеарнасында авторлық бағдарламадан бастап, кейін жаңалықтар қызметі бөлімінің редакторы болды. Қазіргі таңда шеф-редактор, сондай-ақ «1 студия» және «Этно Әлем» бағдарламаларының жүргізушісі болып қызмет атқарады.
Айдын Шайкенов еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болды. 2016 жылы Қостанай облысының «Алтын жастары» кітабына енді. 2018 жылы облыс әкімдігі тағайындаған сыйақыны жеңіп алды.
2022 жылы «Қанатты қалам» облыстық тілшілер байқауының жүлдегері атанды.