2002 жылы 13 наурызда Қостанай облысы ,Жангелдин ауданында дүниеге келген.

2008 - 2019 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте оқып жүріп, Б.Хамзин атындағы өнер мектебін вокал сыныбы бойынша қосымша білім алды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып аудан, облыс көлеміндегі байқауларда бақ сынады.

«Білім жарысы» байқауының жүлдегері атанып, ЖОО -на тегін білім алуға грант ұтып алды.

2019 - 2023 жылдары А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің қазақ филологиясы мамандығын үздік бітірді. Сонымен қатар, Өнер студиясынан солист-вокалист мамандығын алып шықты.

2023 жылдың шілдесінде Қостанай теларнасында редактор қызметін бастады. «ТALANT TIME» , «Көңілашар», «Тобыл тынысы» бағдарламаларының жүргізушісі.