Заңғар Санай 1982 жылы 20 сәуірде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын облыстық «Қостанай» телеарнасында қатардағы тілші болып бастаған. Кейін «Астана» телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі міндетін атқарды.Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы. «Құрмет» орденінің, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.