Қостанайда «Қазақстан оқушыларының XII жазғы гимназиадасы» аясында «Сұңқар» спорт мектебінде бадминтоннан жарыс өтті. Сайысқа Батыс қазақстан облысы мен басқа да аймақтардан келген спортшы ұл-қыздар қатысып, бақ сынасты. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, бадминтон спортын дамыту.