Тың идеяларға жол ашық. Жарқын жобаларымен түрлі сайыстарда жеңімпаз атанған өнертапқыш өрендер Қостанайдағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық-технологиялық мектеп лицей-интернатында аз емес. Ғылым күніне орай өткен салтанатты жиында олардың бірқатары марапатқа ие болды.