Бұл жолы студия қонағы – «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының басшысы, «Кітап оқитын университет» бағытының менеджері Марғұлан Бәкір. Көпшілік оны «Жайдарман» ойындары арқылы жақсы таниды. Бағдарламада ол сахнадағы алғашқы қадамдары, «Бауырсақ» командасымен басталған жайдарман жолы, әзілдің сахнадағы және өмірдегі орны туралы әңгімелейді.