Қазіргі қоғамда діни сенім бостандығы сақталғанымен, діни экстремизм мен радикалды ағымдардың ықпалы өзекті мәселе болып отыр. Әсіресе жастардың діни сауатсыздық пен жалған ақпараттың әсерінен жат идеологияға бой алдыру қаупі жоғары. Осы тұрғыда дәстүрлі дін мен жат ағымдардың аражігін ажырату, радикалданудың алдын алу, зайырлы құндылықтарды нығайту және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі саналады.