16 тамыз күні Qostanay арнасында өткен «Сенбілік кеш» бағдарламасының қонағы – Қостанай ауданы, Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі, Қостанай облысы Жастарының Алтын кітабына енген Рүстем Бейшов. Бағдарлама барысында ол алғашқы еңбек жолынан бастап, ғылымға келу тарихы, жазған еңбектері және ақындық қыры туралы әңгімеледі. Сондай-ақ бала кезіндегі армандары, отбасы құндылықтары мен өмірлік ұстанымдары жайында да ой бөлісті.