«Ел мүддесі» бағдарламасы ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы маңызды рөліне арналған. Қостанай облысының тәжірибесіндегі егіншілік, субсидиялардың тиімділігі, жер қорын сақтау мәселелері және шаруалардың күнделікті қиындықтары қозғалады.
Бағдарламада облыстық мамандар, шаруалар және ғалымдар аграрлық саланың өзекті мәселелеріне тоқталып, көктемгі егіс дайындығы мен жерді ұтымды пайдалану жолдарын талқылайды.