Бағдарламада «Айқостанай» смарт орталығындағы медицина үйірмесінің жұмысы таныстырылады. Оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеріп, түрлі тәжірибелер жүргізеді. Үйірме қатысушылары анатомия, физиология, заманауи медициналық технологиялар туралы білімдерін кеңейтеді. Бұл бастама болашақ дәрігерлердің кәсіби бағыт алуына көмектеседі.