Театр- тәрбие ошағы, адамдарды жақындастыратын мәдениет орны. Себебі, сахнада ізгілік пен ыстық махаббат, зұлымдық пен қиянат, сонымен қоса, жақсылық пен жамандықтың арақашықтығы мен айырмасын әшкерелейді. Театр өнерін жинақтаушы, ұйыстырушы, тек қана əртістер мен режиссерлер, суретшілерді, драматургтарды, композиторларды ғана емес, сонымен қатар көрерменмен диалог тудырушы өнер ретінде тану керек. Бұл өте маңызды. Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді.