Алмажан Тойкенқызы Аманкельдинова 2001 жылдың 16 қазанында Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2023 жылы Алматы қаласындағы Қазақ-Америка университетін журналистика мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2022 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай облыстық филиалында жаңалықтар қызметінің тілшісі ретінде бастады.

2022-2024 жылдары «Первая студия»,2023 жылы «Наследие народа» бағдарламаларын жүргізді. 2024 жылдан бастап «Регион 10» бағдарламасының жүргізушісі.

2023 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің атынан алғыс хат иеленді.