19 тамыз күні сағат 19:30-да «Гайд по финансам» бағдарламасында маңызды тақырып қозғалады. Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Қауіпсіз тауар мен қызмет, сапалы ақпарат пен әділдік әрбір азамат үшін маңызды.


Бағдарлама барысында заңдағы өзгерістер, жиі кездесетін тұтынушылық даулар, сондай-ақ жаңа бастамалар – «Требуй чек и выиграй приз!» және «Salyq кэшбэк» акциялары талқыланады. Мамандар тәжірибеден нақты мысалдар келтіріп, құқықтарыңызды қалай қорғауға болатынын түсіндіреді.