Бүгінгі шығарылымда ғылым мен шығармашылықтың жас буынға әсері сөз болады:

🔬 Айгүл Алматова — «АйQostanai» смарт орталығының химия және медицина үйірмелерінің жетекшісі. Оның шәкірттері Елнұр Түкен мен Аида Бүркітбай үш бірдей ғылыми жобаларын таныстырып, алғашқы жаңалықтарымен бөліседі.

🎨 Сая Калинова — Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің әдіскері. Ол сурет өнерінің тілімен тарихты жеткізудің маңызын әңгімелейді.