Республикалық байқауда «Үздік облыстық маңыздағы мемлекеттік мұражай» аталымы бойынша облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейі жеңімпаз атанды. Марапат мұражжай директоры Марғұлан Оспановқа табыс етілді.

Ал «Үздік облыстық маңыздағы мәдени-демалыс кешенінің қызметкері» деген номинацияда облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының көркемдік жетекшісі және «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығының басшысы Айгерім Көшкінбаева топ жарды.

Сондай-ақ, «Үздік облыстық маңыздағы мемлекеттік кітапхана» аталымының жүлдесі Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға бұйырды. Мұнымен қоса, Б. Соқбақбаев атындағы арнайы жүлде – балалар мен жаөспірімдерге арналған кітаптардың авторы, ақын, Жазушылар одағының мүшесі «QOSTANAI» телеарнасы директорының орынбасары Абылай Маудановтың еншісінде. Мәдениет пен өнер саласы   қызметкерлерінің құрметіне ұйымдастырылған мерекелік жиында жергілікті өнерпаздар мен сала ардагерлері марапатталып, оларға «Еңбек даңқы» «Мәдениет саласының үздігі» тәрізді мәртебелі төсбелгілер табысталды. 

Айта кетейік, биыл «Рухани қазына» республикалық байқауына елдің 15 өңірінен 300-ден астам өтінім келіп түскен. Үздік танылған ұйымдарға 1 млн теңгеден жүлде бұйырды, жеңімпаз қызметкерлердің әрқайсысына 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификаты табыс етілді. Ал арнайы жүлде қоры – 300 мың теңге болды.