Нағашыбай Алпысов - Қостанай ғана емес, күллі қазақ еліне танымал жыр сүлейі. Ұлттық өнердің туын биік ұстап, жыршылық дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан дарын иесі 80 жасқа толды. Айтулы мерейтой құрметіне орай Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында салтанатты шара ұйымдастырылды.