Синоптиктер алдағы күндері ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді. Күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болса, түнде минусқа түседі. Жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жазғы шиналарды дер кезінде қысқысына ауыстыруға, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға, жылдамдықты азайтуға және кенеттен маневр жасамауға кеңес береді.