ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ - ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМГЕ ЖӘРДЕМ
«AMANAT» партиясы мен «Daryn.ai» платформасы бірлесіп, педагогтарға арналған «Жасанды интеллекті меңгеру» курсын іске қосты. Бұл жоба арқылы мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи дағдыларын дамыту көзделеді. Жобаның негізгі мақсаты – білім беру процесінде жаңа технологияларды қолдануға қабілетті мұғалімдер легін дайындау.