Қостанай ауданының әлеуеті артып келеді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Мәселен, бүгінгі күні сүт-тауарлы фермасының құрылысы жүріп жатыр. 400 ірі қара малға арналған нысанға 3,2 млрд қаражат құйылған. Мұнда жылына 4 мың тоннадан аса сүт өндірілмек. Елді мекенде, сондай-ақ, электростанция да бой көтеруде. Ауданда атқарылып жатқан ілкімді істермен өңір басшысы танысты.