Қала тұрғындары үшін дайын құжат түрін үйге дейін жеткізу жүйесі жүзеге асуда. Бұл халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын жеделдетті. Арнайы курьерлік жүйе арқылы азаматтар құжатты орталыққа келмей-ақ, өз мекенжайында ала алады. Жеткізу барысын егов мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.