Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Қостанай облысында көлік құрастыру көлемі биыл 24,2%-ға артты. Жыл басынан бері өндіріс орындары 800 млрд теңгенін өнімін шығарған. Салаға тартылған инвестиция үлесі де ұлғайды. «Машина жасау – әлеуетті экономика тұғыры. Ал бұл салада еңбек ететін жандардың жұмысы – нағыз ерлік пен адал қызметтің үлгісі» деді облыс әкімі. Осы орайда Құмар Ақсақалов бір топ жұмысшы маманға мемлекеттік наградаларды табыстады.