«Адал азамат» жобасы мен Жұмысшы мамандықтар жылын іске асыру аясында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жастармен мазмұнды кездесу өткізді. Іс-шарада оқушыларға шеберлік сыныптары мен пайдалы кеңестер ұсынылды. Бұл бастама жас буынды отансүйгіштікке баулып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағытталған. Қостанай қаласындағы №32 орта мектеп оқушылары ақсақалдар және өнер иелерімен жүздесті. Жастар үлкендердің тәжірибесі мен ақыл-кеңесіне құлақ асып, рухани азық алды.