Ауыл тынысы әрдайым Президент назарында. Елді мекендерге соңғы кезде бетбұрыс жасалып, ауқымды шаралар қолға алынды. Инфрақұрылым жаңарып, әлеуметтік сала әлдене түсті. Меңдіқарада да бұл бағытта атқарылып жатқан істер ауқымды. Биыл Введенка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланған. Ал Боровское ауылында 280 млн теңгеге заманауи хоккей кортының құрылысы көзделіп отыр. Бұл туралы аудан әкімі брифинг барысында мәлімдеді.