Президент тапсырмасына сәйкес, соңғы екі жылда Қостанай облысында 10 жаңа балабақша пайдалануға берілді. Бүгін Әуежай шағын ауданында тағы бір бөбекжай есігін айқара ашты. Салтанатты шараға облыс әкімі қатысты. 280 орынға арналған бұл мемлекеттік балабақша кезек мәселесін едәуір азайтты.