Қостанайда мектеп түлектері мен студенттерге болашақ мамандық таңдауда қолдау көрсету мақсатында кәсіптік бағдар беру шарасы өтті. Оған Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мұрындық болды. Ұйымдастырушылар болашақ мамандықтың талаптары мен жастарға ұсынатын мүмкіндікдері туралы ақпарат берді.