Қостанайда тұрғын үйлерге қатысты түйткілдер жиі орын алып жатады. Коммуналдық қызметтің сапасына шағымданатын тұрғындар да аз емес. Осының бәрі дер кезінде шешімін табуы үшін тігісін жатқызып, тараптардың тілін таба білетін қоғаммен байланыс маманы бар. Бұл қызмет түрінің қолданысқа енгізілгеніне бірнеше жыл болды. Және ол тиімділігін көрсетіп отыр.