Ауыз су үкіметтің бас ауруы. Әбден жауыр болған тақырып. Бірақ мәселе кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мысалға, Алтынсарин ауданында 2025 жылы бұл әңгіме болмайды. Тоғыз айды түйіндеген аудан әкімі солай деп сендірді. Жалпы әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалды жеткізді. Соның сүбелі деген тұстарына әріптесім тоқталады.