Экономиканы дамыту, салық түсімдерін арттыру. Мемлекет басшысы осы жолғы Жолдауында салық саясаты тұрақты болуы тиіс екенін айтты. 2024 жылдың 8 айында Қостанай қаласының бюджетіне 53 миллиард теңге қаржы түскен.  Бұл, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. Мұндай мағлұматтарды аппараттық кеңес барысында мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Қожықов баяндады.