Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында, мерекелік шара кезінде ток соққан қыз бала қайтыс болды. Бұл ақпаратты облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ресми түрде растады.

Оқыс оқиға 25 тамызда, жастар күніне арналған көбік кеші мерекесінде болған. Ток соғып ауыр жарақат алған 9 жастағы қыз бала сол күні ес-түссіз күйінде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Кейін жергілікті дәрігерлерге кеңес беріп, кәсіби көмек көрсету үшін Астана қаласынан екі маман келіп кеткен. Полиция осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Қауіпсіздікті қадағалай алмаған Ұзынкөл ауданының әкімі қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Ал оның орынбасары мен мерекелік шараның ұйымдастырылуына тікелей жауапты маман қызметінен босатылды.