Қазақстанның табиғатын тамашалау, салауатты өмір салтын насихаттау және жүгіру мәдениетін қалыптастыру. Дәл осындай ұранмен Астанада басталған «Nomad Run” ультрамарофонына қатысушылар Петропавл қаласынан Қостанайға 440 шақырымдай жүгіріп жетті. Облыс орталығында жүгірушілерді спорт сүйер қауым, жастар және қаланың жүгіру клубтары қарсы алды.