Қостанайда 2021 жылдан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асып келеді. Табысты жүзеге асып келе жатқан бастама аясында 10 аула абаттандырылып, жаңартылған. Жобалар тұрғындардың ұсынысымен қолға алынған. Ал биылғы жылы аталмыш бағдарлама бойынша қостанайлықтардан 22 ұсыныс түскен.