Мемлекеттік органның қолжетімділігі. Ашықтық. Халықпен кері байланыстың болуы. Елде соңғы кезде жүргізілген реформалар мемлекеттік қызметшілердің рөлін арттырды. Дегенмен, салада кадр тапшылығы байқалады. Облыста 326-ға жуық маман жетіспейді. Сондықтан, қоғам өкілдерінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін ескере отырып, жаңғырту жұмыстары жүйелендірілмек.