Бүгінгі ел үшін маңызды күнде Қостанайда 6 нәресте дүниеге келді. Олардың аналары, жаңа босанған әйелдер де саяси науқаннан тыс қалмады. Перинаталдық орталықта бұл күні 148 жүкті әйел дауыс берді.Перзентханадағы аналар сайлау учаскесі ашылғаннан бастап, ертемен саяси әрі маңызды шараға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауда. Бірнеше сағаттың ішінде мұнда 150-ге жуық адам толық дауыс берді. Оның арасында босанған және жүкті әйелдер бар. Сондай-ақ медицина қызметкерлері де тыс қалмақ емес.