Бүгінде ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген жастарға мемлекет тарапынан қомақты қолдау көрсетілуде. Қостанай облысы да бұл үрдісті үнсіз қалдырмай, жастарға тиімді шартпен тұрғын үй алудың алғышарттарын айтып, семинар-тренинг өткізді. Облыс әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы мұрындық болған жиында тәжірибелі заңгерлер мен менеджерлер жас мамандарға баспана сатып алу мен жалға алудың тиімді жолдарын көрсетіп, сауалдарға жауап берді. Қазір тұрғын үйге қол жеткізудің ең тиімді жолы ретінде бірнеше мемлекеттік бағдарламалар іске қосылуда. Тіпті, жастардың өзі бұл мүмкіндікті кеңінен қолдана алады. Десек те, күні бүгін қызметтегі жас мамандардың бәрі баспаналы деп басып айту қиын. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне басты назар аудармаған жастар, бұл мүмкіндіктен бейхабар жүргендерін жасырмады.