Қазан айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда ұстаздар күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында мұғалімдердің мерейін асырып, еңбегін бағалау, ерекше құрмет көрсету дәстүрге айналған. Осы орайда Қостанай қаласындағы "Мирас" мәдениет үйінде ардагер педагогтерге арналған салтанатты кеш өтті. Тақырыпты толығырақ тілшіміз баяндасын. Ардагер педагогтар үшін бұл мерекенің орны бөлек. Олардың ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбектерінің жемісі ешқашан елеусіз, ескерусіз қалмайды. Бекежан Құшмурдин де ұстаздық жолында талай тер төккен ағарту ісінің үздігі. Іс – шараның құрметті қонағы болу ардагер мұғалімге де бұйырған.