Қостанайда күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Әкімдік отырысында жарияланған науқанға байланысты қатысты бірқатар іс-шаралар нақтыланды. ТКШ бөлімінің өкілдері бұл шараға мейлінше біраз тұрғындарды тартуға ниетті. Қала әкімінің төралығымен өткен жиын барысында бірнеше мәселелер талқыланды. Оның өзектілерінің бірі-қаланының тазалығын қамтамасыз ету. Санитарлық іс-шараларды қамтитын науқанның негізгі мақсаты да осыған бағытталған. ТКШ бөлімінің өкілдері жастар мен тұрғындардын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, бизнес өкілдері мен волонтерлық ұйымдарды аталмыш шараға қатысуға шақырады.