Қостанай облысында жыл басынан бері отбасылық зорлық-зомбылық 12,5 %-ға төмендеген. Қалалық Полиция департаменті қызметкерлерінің сөзінше, тұрмыстық жан-жалды болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Осыған байланысты тұрмыстық құқық-бұзушылыққа қарсы күрес үнемі күшейтіліп, жаза да қатаңдатылуда. Полиция департаменті қызметкерлерінің сөзінше, тұрмыстық зорлық зомбылықтың негізгі себептері -отбасындағы жағдайдың тұрақсыздығына байланысты. Оған психологиялық, моральдық және материалдық факторлар әсер етуі мүмкін. Жыл басынан бері жедел алдын алу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары отбасылық-тұрмыстық жанжал фактілері бойынша 5466 қорғау нұсқамасын шығарған.