Көшбасшылық қасиеттерді, шешендік шеберлікті және креативті ойлауды дамыту. Қостанайда екі күндік студенттік лагерь басталып, оған өңірдің түкпір-түкпірінен келген жастар қатысты. Толығырақ тілші материалында. Тренингтің басты мақсаты - қатысушыларға олардың бастамаларын жүзеге асыруға көмектесетін қасиеттерді дамытуға көмектесу. Спикерлер ретінде өз ісінің кәсіби мамандары сөз сөйледі, олар іс жүзінде табысқа қалай жету керектігін және ол үшін не қажет екендігін дәлелдеді. Олардың әрқайсысының тәжірибесі мол. Мысалы, облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы жастарды тыңдап, оларды не қызықтыратынын біліп, тың бастамаларын жүзеге асыруға көмектесетінін айтты.