Тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспеген өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта елімізде тиімді мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Ал, енді ғана шаңырақ көтерген жас отбасылар үшін баспаналы болудың қандай тиімді жолдары бар және ол үшін қандай құжаттар дайындау керек? Бұл туралы сала мамандары жастармен өткізген кездесуде түсіндірді.