Әулиекөл ауданында алапат өрттен зардап шеккен ауыл тұрғындарға арнап салынып жатқан жаңа шағын ауданның құрылысы қарқынды. Мұнда көп ұзамай 91 үй бой көтермек. Күн суымай баспанасыз қалған отбасылар қоныс тойын тойлайтын болады. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 50 %-ы аяқталған.