Әскерге шақырылған сарбаздар қызметін өтеген соң Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінсіз-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына түсе алады. Әскери борышын өтеп келгендер жоғары білімді кез келген мамандық бойынша ала алады. Бұнымен қоса олар жоғары оқу орнындағы әскери кафедрадан тегін білім алады.