Елде дәрігерлік көмек жетіспейді. Оны реттеуі тиіс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзінде шикілік көп. Соның салдарынан халықтан арыз-шағым азаймай тұр. Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері де мәз емес. Әсіресе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарына өршіп тұр. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Шұғыл шешімдер қажет. Бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Үкімет басшысынан осындай міндеттер алып қайтты. Қарашаға дейін міндетті әлеуметтік Медициналық Сақтандыруды қаржыландыруды жетілдіруге қатысты Қаржы министрлігімен бірлесіп ұсыныс дайындауы тиіс.